Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбыл облысы

НАУРЫЗДА ТУҒАНДАР

НАУРЫЗДА ТУҒАНДАР

Лидия Ахметова 1937 жылы 5 наурызда Меркі ауданында туған. Қазақстан Компартиясы Орталық аудандық және Жамбыл қалалық комитеттерінің бірінші хатшысы болып жауапты қызметтер атқарған. Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы «Ел ана» кеңесінің жетекшісі. "Құрмет Белгісі" орденімен және мерейтойлық медальдарымен, Жамбыл облысы мәслихаты мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған
***

 

Камиляш Ахметжанова 1954 жылы 17 наурызда туған. Білім беру саласының үздігі. Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернаттың ұзақ жылдар бойы директоры болған.
***
Баттал Жаңабайұлы 1928 жылы 7 наурызда Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында туған. Журналист, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Бұрынғы Семей облысының "Екпінді" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, Жамбыл облыстық "Сталиндік жол" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, 1965-85 жылдары "Еңбек туы" газетінің редакторы, 1985-89 жылдары кино жөніндегі облыстық кеңесінің төрағасы, 1989-91 жылдары Бейбітшілік қоры облыстық бөлімшесінің төрағасы. Екі мәрте "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
***
Ұлбала Баялишева  1941 жылыдың 26 наурызында туған. Білім беру саласының үздігі. Ұзақ жылдар мектеп директоры қызметін атқарған.
***
Рыскүл Бердіқожаева 1951 жылы 10 наурызда туған,  қаржы саласының ардагері. Облыстық қаржы басқармасында ұзақ жылдар бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазір сол мекеменің бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары.
***
Халил Бейсеев 1940 жылы 22 наурызда Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корроспандент-мүшесі, техника ғылымының кандидаты. Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы)"Трудовой пахарь" ұжымшарында механик, машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженер, ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, "Облсельхозтехника" бірлестігі төрағасының орынбасары, төрағасы. Луговой аудандық атқару комитетінің төрағасы. Шу аупарткомының бірінші хатшысы, облатком төрағасының орынбасары, облыстық экономика, ауыл шаруашылығы басқармаларының бастығы, ауыл шаруашылығы депортаменті бастығының орынбасары. "Жамбылгазавтосервис" АҚ-ы президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. "Халықтар достығы" орденімен, медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының Құрметті азаматы. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болған.
***
Қаржаубай Бекболатов 1950 жылы 1 наурызда Жамбыл ауданында туған. «Қаракемер» кеңшарында қант қызылшасының есебін жүргізуші, Жуалы аудандық дайындау кеңсесінің дайындаушысы, «Жомарт» акционерлік қоғамының бас директоры, Жамбыл облыстық коммуналдық меншік департаментінің бастығы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекені қорғау департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің тарифтер жөніндегі басқармасының, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы болған. Жамбыл облыстық мәслихатының 2-ші шақырылымының депутаты. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына- 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне – 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы. Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі.
***
Мырзахан Бұрханов 1951 жылы 8 наурызда Жамбыл ауданы, Ақтөбе ауылында туған. 1989-2015 жылдар аралығында "Таразэнергоорталық" АҚ-ның президенті қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі. Екі шақырылым Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. «Құрмет» орденінің иегері.
***
Жанат Бастаубаева 1963 жылы 12 наурызда туған. Қазақстан Халықтық коммунистік партиясы Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

Гарафутдин Галимов 1922 жылы 27 наурызда туған. Ұлы Отан соғысының ардагері.  Алматы әскери училищесін бітіргеннен кейін бірден майданға шақырылды. Гарафутдин Галимов Батыс, Воронеж, Украина, бірінші Белорусь майдандарында шайқасты. Ұлы Отан соғысының құрметті ардагерінің марапаттау арсеналында 30-ға жуық ордендер, медальдар және басқа да айырым белгілері бар. Галимов 30 жылдан астам әскерде қызмет етті. Запастағы полковник.
***
Махамбетәлі Дүйсебаев 1948 жылы 31 наурызда Мойынқұм ауданында туған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга», Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеттерінде бөлім басшысы қызметтерін атқарған.  Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы.
***
Мүтәліп Ережепбайұлы 1926 жылы 23 наурызда Талас ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. «Ата қоныс», «Өлеңім – өмірім», «Аңызға айналған ақиқат», «Жамбыл жолы» «Оқ пен оттан оралғандар» атты кітаптардың авторы. Ұзақ жылдар Талас аудандық «Ленин жолы» газетінің редакторы болған. Талас ауданының Құрметті азаматы. І,ІІ дәрежелі "Отан" соғысы орденінің иегері. мерекелік медальдармен марапатталған. Қарулы күштердің запастағы майоры.
***
Мақұлбек Жаналиев 1948  жылы 25 наурызда Жуалы ауданы, Жаңа ауылында туған. Ішкі істер органдарының ардагері, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі. №1 полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы. Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
***
Саттар Жанәбілов 1939 жылы 1 наурызда Т.Рысқұлов ауданында туған.  Жамбыл облысының Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі.Красногор аудандық партия комитетінің хатшысы, Жамбыл облыстық партия комитеті, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, басқа да жауапты қызметтер атқарған. «Тағдырыма ризамын» атты кітаптың авторы. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған.
***
Шамсат Исабеков 1955 жылы 22 наурызда Тараз қаласында туған. Қоғам қайраткері. Республика таэквондо федерациясының президенті, Ұлттық Олимпиада комитеттінің мүшесі болған. Исабеков 2000 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
***
Алдабердi Мақашев 1948 жылы 13 наурызда Түркістан қаласында туған. Сарысу ауданы  Байқадам ауылдық округі әкiм аппаратының бас маманы, Сарысу ауданы әкім аппаратының басшысы, Коммунар ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
***
Төлеухан Оспанбеков 1948 жылы 20 наурызда туған. Мойынқұм ауданы Жамбыл кеңшарында  өндіріс ұйымдастырушысы, "Молодежный" кені-шінде слесарь, газэлектрмен дәнекерші, ұста, «Қаратау» кен-химия комбинатында флотатор, диірменші, кен байыту фабрикасы бас ғимаратының бастығы. Қаратау қалалық комсомол комитетінің хатшысы, «Ақсай» кенішінде партия ұйымының хатшысы, Қаратау қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Жаңатас қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Жаңатас қалалық кеңесінің төрағасы, Жамбыл облыстық антимонополиялық саясат комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. «Ақбақай кен байыту комбинаты» АҚ-ның президенті болды. Бірнеше орден-медельдармен марапатталған.
***
Александр Савченко 1951 жылы 30 наурызда туған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
***
Оңалбек Сопбеков 1938 жылы 13 наурызында Сарысу ауданы, Саудакент ауылында туған. Сарысу аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Саудакент ауылындағы Гагарин атындағы мектептің директоры қызметтерін атқарған. Сарысу ауданының Құрметті азаматы

басқа жаңалықтар